Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде ұйымдастырылған қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты танымдық шараға облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері, Бекет Ата мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған қала, аудан имамдары, мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-нің студенттерінен құралған ерікті студенттер тобы, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары, 2201 А әскери бөлімінің сарбаздары, БАҚ өкілдері қатысты.
Танымдық шараның негізгі мақсаты - Ұлы Абай мұрасын оқып-үйренуге, Абайтану ілімін терең меңгеруге, «толық адам», «кәміл мұсылман» идеясынан тағылым алуға шақыру.
Келушілер Ұлы Абайдың әр жылдары салынған тарихи портреттерінен және Абай шығармалары мен Абай туралы жазылған әдеби басылымдардан жасақталған көрмелерді тамашалады. «Үндестік-созвучие» деген атпен берілген Гёте-Лермонтов-Абай поэзиялары мен аудармалары туралы мәліметтерді алды.
Шараға қатысушылар Абай өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқып, аудармаларынан қойылым көрсетті.
Танымдық шарада белсенділік көрсеткен қатысушылар музейдің «Алғыс хатымен» Абайдың қара сөздері мен өлеңдері жинақтарымен марапатталды. Шараға қатысқан облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері үздік орындаушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Оқылған саны: 12809
Балауыз мүсіндер көрмесі шақырады!

2017 жылдың 18 қараша - 18 желтоқсан күндері аралығында облыстық музейде Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндердің көрмесі өтетінін хабарлаймыз.
Жарияланған күні: 17-11-2017
Оқылған саны: 33644





25 қыркүйек күні Геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор Құрбан Аманниязұлының 85 жылдығына орай музей қабырғасында ғалымның көзін көрген достарымен "Екі елдің төл перзенті" тақырыбындағы кездесу өтті. Кездесуге ғалымның шәкірті, геолог Қожахметов Қосарбай, жазушы, өлкетанушылар Әбілқайыр Спан, Отыншы Көшбайұлы, оқушылар мен студенттер қатысты.
Жарияланған күні: 26-09-2017
Оқылған саны: 19189





Атырау музейінің көрмесіне келіңіздер
Жарияланған күні: 26-09-2017
Оқылған саны: 22858
Атырау музейі Маңғыстауда қонақта


Атырау музейінің көрмесі келушілерді күтеді
Жарияланған күні: 21-09-2017
Оқылған саны: 36885
Хабарландыру. Құрбан Аманниязовтың 85 жылдығы

Еске алу, кездесу
Жарияланған күні: 20-09-2017
Оқылған саны: 31946
Қала күні және Р.А. Григорянның 100 жылдығы





Ақ маржан қала Ақтаудың төл мерекесі және қаланың негізін қалаушылардың бірі Рубен Арамаисович Григорянның 100 жылдығына орай музей қабырғасында мерекелік шара өтті.
Жарияланған күні: 14-09-2017
Оқылған саны: 33044
9101112131415 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат