Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде ұйымдастырылған қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты танымдық шараға облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері, Бекет Ата мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған қала, аудан имамдары, мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-нің студенттерінен құралған ерікті студенттер тобы, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары, 2201 А әскери бөлімінің сарбаздары, БАҚ өкілдері қатысты.
Танымдық шараның негізгі мақсаты - Ұлы Абай мұрасын оқып-үйренуге, Абайтану ілімін терең меңгеруге, «толық адам», «кәміл мұсылман» идеясынан тағылым алуға шақыру.
Келушілер Ұлы Абайдың әр жылдары салынған тарихи портреттерінен және Абай шығармалары мен Абай туралы жазылған әдеби басылымдардан жасақталған көрмелерді тамашалады. «Үндестік-созвучие» деген атпен берілген Гёте-Лермонтов-Абай поэзиялары мен аудармалары туралы мәліметтерді алды.
Шараға қатысушылар Абай өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқып, аудармаларынан қойылым көрсетті.
Танымдық шарада белсенділік көрсеткен қатысушылар музейдің «Алғыс хатымен» Абайдың қара сөздері мен өлеңдері жинақтарымен марапатталды. Шараға қатысқан облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері үздік орындаушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Оқылған саны: 10565

Жарияланған күні: 04-09-2017
Оқылған саны: 31676
ЭКСПО-2017. Облыстық музей көрмесі елорда төрінде





ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясындағы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнері күндері
Жарияланған күні: 31-08-2017
Оқылған саны: 30882
"Алаш ардақтылары" атты фотокөрме көрермендерін күтеді


Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай музей қабырғасында жасақталған жаңа фотокөрме
Жарияланған күні: 08-08-2017
Оқылған саны: 19687
Ежелгі алып бауырымен жорғалаушының сүйегі табылды





Жарияланған күні: 14-07-2017
Оқылған саны: 32740




27 мамыр күні Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында Әмин Тұяқовтың 80 жылдық мерей тойына арналған "Ақмышта туып, АҚШта озған" атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.
Жарияланған күні: 29-05-2017
Оқылған саны: 18035





18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Музей түні» акциясы өткізілді. «Музей түні» акциясы осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Алғаш «Музей түні» өлкемізде 2010 жылы өткізілген болатын. Аталмыш акцияғы 2000 адам қатысты.
Жарияланған күні: 22-05-2017
Оқылған саны: 19474
10111213141516 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат