Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!
10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Еңселі ғимараттың ең алғашқы залы абыз адам, аңыз тұлға Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Болашақта Маңғыстаудың табиғаты мен тарихына, этнографиясына арналған экспозициялық залдар жасақталып, ашылатын болады. Музей ғимаратының жалпы көлемі 6561 шаршы метр. Жобалаушысы Қалижан Міркәрімов. Құрамында музеймен қатар театр, кітапхана орналасатын Мәдени орталық NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде салынды. Заңғар жазушының 80 жылдығы аясында өтіп жатқан шаралар аясында музей алдында Әбіш ағаның ескерткіші де бой көтерді.
Ескерткіштің және музейдің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Президентімен қатар ұлт зиялылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, бата-тілектерін, ыстық лебіздерін білдірді.
Жаңа ғимаратымыздың ашылу салтанатына жан-жақты қолдау білдірген Маңғыстау облысының әкімдігіне, облыстық Мәдениет басқармасына, демеушілерге, қол ұшын созған барша азаматтарға, Әбіш ағаның сирек фотосуреттерін ұсынған оның замандастарына алғыс айтамыз! Экспозициялық залды жасақтауға өлшеусіз үлес қосып, Әбіш ағаның қолының табы қалған жиһаздарын, отбасылық дүниелерін сыйға тартқан Клара Жұмабайқызына ерекше ризашылық білдіреміз!
Жарияланған күні: 11-10-2019Оқылған саны: 14431





Наурыз мерекесіне орай Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалында «Ұлыстың ұлы күні-наурыз» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға Н.Жұбаев атындағы мектептің 4 «б» сынып оқушылары қатысты.
Жарияланған күні: 18-03-2017
Оқылған саны: 39562





15-17 наурыз аралығында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақ және орыс тілдерінде «Амалдан ақ тілек» атты мерекелік шара өтті. Шараға Ақтау қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Жарияланған күні: 17-03-2017
Оқылған саны: 42968
Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейіне әр айдың үшінші жексенбісі барлық музейге келушілер үшін тегін және әр айдың бірінші сәрсенбісі музейге кіру мектеп оқушылары үшін тегін.
Жарияланған күні: 17-03-2017
Оқылған саны: 33556



Президенттік телерадио корпорациясы «Маңғыстауда наурыз мерекесінің тойлануы» тақырыбында киіз үйде түсірілім жасалды.
Жарияланған күні: 15-03-2017
Оқылған саны: 38922
"Дәстүр" журналының бас-редакторы Қасымхан Бегмановпен кездесу.



13 наурыз күні музей шаңырағының астында Қазақстан Жастар одағы, халықаралық Алаш әдеби және тәуелсіз «Ильхам» сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ақын, "Дәстүр" журналының бас-редакторы Қасымхан Бегманов музей қызметкерлерімен кездесті,
Жарияланған күні: 14-03-2017
Оқылған саны: 20493



Наурыз айының 6-сы күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық филиалында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің нұры – әйелдер» атты қаладағы құрметті аналармен кездесу кешін ұйымдастырды.
Жарияланған күні: 10-03-2017
Оқылған саны: 36980
13141516171819 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат