Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!
10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Еңселі ғимараттың ең алғашқы залы абыз адам, аңыз тұлға Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Болашақта Маңғыстаудың табиғаты мен тарихына, этнографиясына арналған экспозициялық залдар жасақталып, ашылатын болады. Музей ғимаратының жалпы көлемі 6561 шаршы метр. Жобалаушысы Қалижан Міркәрімов. Құрамында музеймен қатар театр, кітапхана орналасатын Мәдени орталық NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде салынды. Заңғар жазушының 80 жылдығы аясында өтіп жатқан шаралар аясында музей алдында Әбіш ағаның ескерткіші де бой көтерді.
Ескерткіштің және музейдің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Президентімен қатар ұлт зиялылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, бата-тілектерін, ыстық лебіздерін білдірді.
Жаңа ғимаратымыздың ашылу салтанатына жан-жақты қолдау білдірген Маңғыстау облысының әкімдігіне, облыстық Мәдениет басқармасына, демеушілерге, қол ұшын созған барша азаматтарға, Әбіш ағаның сирек фотосуреттерін ұсынған оның замандастарына алғыс айтамыз! Экспозициялық залды жасақтауға өлшеусіз үлес қосып, Әбіш ағаның қолының табы қалған жиһаздарын, отбасылық дүниелерін сыйға тартқан Клара Жұмабайқызына ерекше ризашылық білдіреміз!
Жарияланған күні: 11-10-2019Оқылған саны: 14432
Алтынқазған құпиясына қанық болыңыз!





2010 ж. анықталып, 2014 жылдан бастап тұрақты археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген "Алтынқазған" діни-қабірлеу кешенінен табылған жәдігерлердің тек өлкеміздің емес, бүтін мемлекетіміздің мақтанашына айналатын түрі бар!
Жарияланған күні: 20-03-2019
Оқылған саны: 20516
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталған күн





19 наурыз - ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау күніне арналған музейдегі мерекелік шаралар легі жоғары деңгейде өтте.
Жарияланған күні: 19-03-2019
Оқылған саны: 19269
Алып плезиозавр қаңқасын көріп үлгеріңіз!




2017 ж. мамыр айында Маңғыстау ауданының аумағынан табылған ежелгі алып плезиозавр сүйегі музейде қайта көрмеленеді
Жарияланған күні: 20-02-2019
Оқылған саны: 21564
"Жарияланбаған соғыс жадымызда!" әскери-тағылымдық кездесуі




Биыл 15 ақпан күні кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толады.
Жарияланған күні: 12-02-2019
Оқылған саны: 11097
"Адал еңбек - ырыстың бұлағы" тағылымдық кездесуі




Өлкемізге белгілі теңізші, балықшы Тәуірхан Қанжановпен кездесу.
Жарияланған күні: 30-01-2019
Оқылған саны: 12470
Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері





2018 ж. 18 тамыздағы Ақтау саммиті барысында жасалған келісімдердің бірі - түрікмен астанасы Ашхабадта Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу болатын. 29-30 қараша күндері Маңғыстау облысынан Ашхабадқа үлкен делегация аттанып, 2 күн бойы Ашхабадты қазақтың салт-дәстүрі мен саф өнеріне қандырды. Мәдениет күндері аясында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі "Ұлы Дала мұрасы" атты көрмесін ұсынды.
Жарияланған күні: 03-12-2018
Оқылған саны: 22491
4567891011121314 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат